Әлем. 13 мамыр. 7kun.kz - Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті және әлемдегі ең бай адамдардың бірі Халифа ибн Заид Аль Нахайян 73 жасында қайтыс болды. Бұл туралы әлемдік БАҚ ақпарат таратты.
Қайғылы жағдайға байланысты елде 40 күн бойы қаралы күн жарияланған. Ал федералдық және жергілікті деңгейдегі министрліктер, жеке сектор үш күнге жұмысын тоқтатады.
Марқұм әмірліктің негізін салушы Зейда Аль Нахайянның үлкен ұлы еді, ол елді 2004 жылдан бері басқарып келген. Алайда соңғы жылдары ауыр науқасына байланысты ел басқару ісіне араласпай, іс жүзінде билік Абу-Даби Мухаммед бен Зейдде болған еді.
Forbes журналының мәліметінше халифаның жеке қаражаты $15 млрд, ал оның отбасының байлығы $150 млрд құрайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024