Мұнайдың бағасы қымбаттады

Фото: oilcapital.ru

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың мамырындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 26 наурыз Мәскеу уақытымен сағат 8:11-дегі бағасы 0,13 доллорға (0,19%) көтеріліп, баррелі $67,34 құрады, — деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында сәуірдегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,46 (0,78%) қымбаттап, барреліне $59,28 долларды құрады.