Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

1 468 сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін

1 468 сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия туралы» Заңды, сондай-ақ заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады.

Атап өтілгендей, бұл бастама ел дамуының жаңа кезеңімен байланысты және әділдік, гуманизм мен заң үстемдігі принциптерін іске асыруға бағытталған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, амнистияның әсері 15 295 адамға таралады. Оның ішінде 1 468 сотталған азамат бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы мүмкін. Қалғандары үшін жаза мерзімдерін қысқарту және құқықтық сипаттағы басқа да шаралар көзделген.

Амнистия қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыстар, сондай-ақ жекелеген орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған тұлғаларға қатысты болады. Бұл ретте маңызды шарт – шығынның болмауы, оның толық өтелуі немесе іс бойынша азаматтық талап-арыздың жоқтығы.

Сотталғандардың кейбір санаты үшін жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту да көзделген. Бұл заңмен белгіленген шарттарды, соның ішінде келтірілген шығынды өтеуге байланысты талаптарды орындаған жағдайда, орташа ауырлықтағы қылмыстар, ауыр және ерекше ауыр қылмыстар үшін сотталған тұлғаларға қатысты қолданылады.

Сондай-ақ алғаш рет әкімшілік амнистия енгізіліп жатқаны бөлек атап өтіледі. Егер айыппұлдар заң өз күшіне енген сәтке дейін орындалмаған болса, Қазақстан азаматтары, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, сот орындаушылары, адвокаттар және заң кеңесшілері әкімшілік айыппұлдардан босатылуы мүмкін.

Амнистия ең қауіпті құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты болмайды. Ол сыбайлас жемқорлық, террористік, экстремистік қылмыстарға, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға, азаптауларға және бірқатар басқа да ауыр және ерекше ауыр қылмыстарға қолданылмайды.

Босатылған азаматтар үшін жұмысқа орналастыру, әлеуметтік бейімдеу, емделуді жалғастыру, білім алу және ресоциализациялауды (қоғамға қайта интеграциялауды) қоса алғанда, қолдау шаралары қарастырылады.

Ұқсас материалдар