«1 қыркүйекте елде 90 мыңға жуық орындық 70 жаңа мектеп ашылды, оның ішінде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептер де бар», - делінген жексенбі күні тараған хабарламада.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушылар орнының тапшылығын жоюға және ауыл мен қала мектептерінің білім сапасының айырмашылығын теңестіруге бағытталған.
2024-2025 оқу жылында 217 нысанның құрылысы жүргізілуде. Республикалық жоба бойынша 740 мың орындық 369 мектеп салынады.
Білім министрлігі атап өткендей, биыл мектепке 3,9 миллионнан астам оқушы барды, оның ішінде 352 мыңы бірінші сыныпқа барса, 219 мыңы мектеп бітіруші түлектер.