Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

1 млн доллар жымқырды деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

1 млн доллар жымқырды деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша халықаралық іздеуде болған күдікті Германиядан Қазақстанға қайтарылды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, экстрадициялау операциясы Интерпол қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде, сондай-ақ Қазақстанның Германиядағы дипломатиялық өкілдігінің қолдауымен жүзеге асқан.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2014 жылы алдын ала келісілген топ құрамында әрекет етіп, компьютерлік техниканы жеткізуге көмектесемін деген желеумен қазақстандық кәсіпкерді алдап, 1 миллион АҚШ долларын иемденген.

Қылмыстан кейін ол бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың қыркүйегінде Германия аумағында ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас материалдар