Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

1 млн жеке кәсіпкер табысын жасырған – Қаржы министрлігі

1 млн жеке кәсіпкер табысын жасырған – Қаржы министрлігі

Қазақстанда 1 миллионға жуық жеке кәсіпкер өздерінің нақты табысын көрсетпей, салық төлеуден жалтарып отыр.

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елордада өткен жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинарда мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, еліміздегі 2 миллионға жуық жеке кәсіпкердің 44 пайызы мүлде салық декларациясын тапсырмайды немесе айналым көрсетпей отыр. Яғни, шамамен 1 миллион кәсіпкер көлеңкелі экономикада жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.

«Барлық бизнес субъектісінің ішінде тек 20 пайызы ғана жылына 1 миллион теңгеден астам салық төлейді. Қалған 80 пайызы салық төлемейді», – деді Ержан Біржанов.

Сонымен қатар, ол үйдің жанындағы дүкендер, шағын кәсіп иелері есеп-қисапты жасыруда екенін айтты. Қолданыстағы бақылау-кассалық машиналарға жүргізілген талдау да бұл деректі растайды.

Мәліметтерге сүйенсек:

  • 400 мыңнан астам кассалық аппарат арқылы мүлде чек берілмеген.

  • Тағы 260 мың аппарат күніне тек бір чек береді.

Мұндай жағдай салық есебінің нақты жүргізілмей жатқанын көрсетеді. Осы олқылықтарды жою үшін Қаржы министрлігі тұтынушыларға чек талап еткен жағдайда кэшбэк беретін пилоттық жобаны 10 өңірде іске қосқан. Нәтижесінде, бұл аймақтарда чек беру көрсеткіші 1,5 есеге артқан.

«Шағын кәсіпорындар есеп-қисаптарында заңды түрде 0-ді көрсетеді. Сонымен қатар, осы 2 миллион кәсіпкердің көпшілігінде ресми тіркелген жұмысшы да жоқ», – деді вице-министр.

Қаржы министрлігі бұл мәселені шешу үшін салық мәдениетін көтеруді, бақылау жүйесін күшейтуді және тұтынушылардың чекті талап етуін ынталандыруды жоспарлап отыр.

Ұқсас материалдар