
ChatGPT Plus тарифі ағымдағы 12% ҚҚС мөлшерлемесін есепке алғанда айына $20-дан $22,40-ға дейін өседі.
OpenAI нақтылауынша, Қазақстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салық төлеуден жалтаруы мүмкін. Ол үшін аккаунттың салық деректері бөлімінде 2025 жылдың 1 тамызына дейін БСН көрсету керек. Әйтпесе, салық сомасы жеке тұлғалар үшін төлемге қосылады.
Еске сала кетсек, мамыр айында Мемлекеттік кірістер комитеті ChatGPT-ді Қазақстанда қосымша құн салығын төлеуші ретінде тіркеді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғанын хабарлаған болатынбыз.
Онда қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді, ал ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін айналымның төменгі шегі 10 мың айлық есептік көрсеткішке (40 миллион теңге) дейін төмендетіледі.