Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

11 айда 73,4 млн тонна мұнай экспортталды

11 айда 73,4 млн тонна мұнай экспортталды

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында мұнай экспорты 73,4 млн тоннаны құрап, жоспарлы көрсеткіш толық орындалды.

Осы кезеңде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға артты. Сондай-ақ жыл басынан бері 62,8 млрд текше метр газ өндіріліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16,7 пайызға жоғары көрсеткіш болды.

Бұдан бөлек, сұйытылған мұнай газының өндірісі 2,8 млн тоннаға жетсе, ел аумағы арқылы газ транзиті 64,5 млрд текше метрді құрады.

Ұқсас материалдар