Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

11 спорт нысаны мемлекет балансына өтті – Антикор

 11 спорт нысаны мемлекет балансына өтті – Антикор

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спорттағы жемқорлық тәуекелдерін жоюда, нәтижесінде іс-шараларға және жалақыға үстемеақыға негізсіз жұмсалған 1,3 млрд теңге бюджетке қайтарылды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп өткен жылы спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізген сыртқы талдау нәтижелерін жариялады.

«Кәсіби клубтар өздерінің спорттық инфрақұрылымын салудың орнына басшылықтың жалақысын көтеруге, легионерлерге төлемдер арқылы шығаруға, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға қаражат жұмсады. Талдау қорытындысы бойынша спортты дамыту басымдықтарын қайта қарауға, оқу-жаттығу жиындарын өткізуді бақылауды қатаңдатуға, кәсіби клубтар мен федерациялардың бюджеттерін қысқартуға, қаржыландыруды орталықтандыруға, сондай-ақ цифрландыруды енгізуге бағытталған 50-ден астам ұсынымдар енгізілді», – деді Антикор.

Құзырлы ведомство мәліметінше, 2024 жылғы желтоқсанда және 2025 жылғы наурызда бірқатар салалық ережелерге түзетулер енгізілді. Енді футбол кәсіпқой клубтары үшін мемлекеттен қаржыландыру алу үшін балалар-жасөспірімдер және жастар футболының жеке бөлімшелерінің, жастар командаларының, стадиондар мен сабақтар өткізуге арналған құрылыстардың болуы туралы талаптар қолданылады. Оқу-жаттығу жиындарына бақылау күшейтілді, оларды өткізуге лимит белгіленді.

Сондай-ақ агенттіктің ұсынымдары бойынша ағымдағы жылы 15 сәуірде «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға Туризм және спорт министрлігінің кәсіби спорт клубтарын ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимитін, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салуды бекіту жөніндегі құзыретін көздейтін толықтырулар енгізілді.

«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында кәсіби спортты, оның ішінде футбол клубтарын қаржыландыру 6,7 млрд теңгеге (60,5-тен53,8 млрд теңгеге дейін) қысқартылды. Спорттық іс-шараларға және жалақыға үстемеақыға негізсіз жұмсалған 1,3 млрд теңге бюджетке қайтарылды. Басқарудың тиімсіздігіне байланысты 11 спорт нысаны мемлекеттік мекемелердің балансына берілді», – деді Антикор.

Қабылданған шаралар отандық спортты және өскелең ұрпақтың спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Ұқсас материалдар