
Енді қазақстандықтарға электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
ЭЦҚ-ны алу үшін:
-
egov.kz порталына немесе pki.gov.kz сайтына тіркелу қажет;
-
Веб-камера арқылы бет-әлпетті сканерлеу арқылы сәйкестендіруден өту керек;
-
Сәтті өткен жағдайда ЭЦҚ кілті бірден беріледі;
-
Сәйкестендіру сәтсіз болса, 5 рет қайта әрекет етуге мүмкіндік бар.
Биометриялық сәйкестендіруден өте алмаған жағдайда ғана ХҚКО-ға жүгінуге болады.
Министрліктің мәліметінше, бұл шара азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтіп, цифрлық жеке басын сақтау үшін енгізілген. Осылайша, бөгде адамның ЭЦҚ-ны иелену мүмкіндігі толығымен жойылады.