Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

15 сәуірден бастап балықтың кей түрлерін аулауға тыйым салынады

15 сәуірден бастап балықтың кей түрлерін аулауға тыйым салынады

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бұйрығына сәйкес, Есіл бассейнінің су қоймаларында балық аулауға уақытша шектеу енгізілді.

Шектеу уылдырық шашу кезеңінде балық қорын сақтау мақсатында қолға алынған. Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына талаптарды қатаң сақтау ескертілді.

Атап айтқанда, шортан, аққайран, көксеркені 15 сәуір-15 мамыр аралығында аулауға болмайды. Тұқыға 20 мамыр-20 маусым, өзен шаяндарына 1 маусым-15 шілде аралығында тыйым салынады.

Сонымен қатар Есіл өзені, Нұра өзені және Сілеті өзені мен олардың салаларында 20 сәуір-20 мамыр аралығында балық аулауға толық шектеу қойылады.

Мамандар заңсыз балық аулау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Ұқсас материалдар