Экономика
2018 жылдың бірінші тоқсанындағы тауар импорты 7,8 млрд долларды құрады
Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы тауар импорты 15,7 пайызға өсіп, 7,8 млрд АҚШ долларын құрады деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Импорттың өсуі негізгі тауар номенклатурасының барлық топтары бойынша жүзеге асты. Инвестициялық тауарлар көлемі 24,8 пайызға артып, жалпы импорттың 35,4 пайызын құрады. Аралық өнеркәсіптік тұтыну тауарларын әкелу көлемі 9,2 пайызға ұлғайды. Тұтыну тауарларының импорты 13,3 пайызды көрсетсе, оның ішінде азық-түлік тауарларын әкелу 16,1 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,5 пайызға артты.
Ал тауарлар экспорты 25,9 пайызға артып, 13,8 млрд АҚШ долларға жетті.