Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2022 жылдан бері Алматыға 6,2 млн турист келді

2022 жылдан бері Алматыға 6,2 млн турист келді

Алматыға ағылған шетелдік туристер саны 4,2 есе, ал ішкі туристер саны 56,3%-ға артты. Саладан түскен салық түсімі 3 есеге көбейді.

2022 жылдан бері қалада 5972 нөмірлік қоры бар 43 қонақүйдің құрылысы жүріп жатыр, 26 туристік жоба жүзеге асуда, оның ішінде 7 жоба 2025 жылы аяқталады.

«Таулы аймақта 1000 шақырымнан астам маршрут цифрландырылды, 750 шақырымнан астам жол көркейтілді, 13 кемпинг аймағы құрылды.

Алматы әлемдік туристік бағыт ретінде танылып отыр: The New York Times басылымының «Баруға лайық 52 орын» тізіміне енді, Wanderlust журналының TOP-24 туристік бағыт қатарына кірді, ал Шымбұлақ курорты мен Oi-Qaragai ТМД-да үздік деп танылып, туризмдегі инновациялары үшін марапатқа ие болды», – деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.

Биылғы жоспар қала билігі 2,5 миллион турист тартуды көздеп отыр.

Ұқсас материалдар