Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2026 жылдан бастап жеке куәлікті алу және ауыстыру тегін болады

2026 жылдан бастап жеке куәлікті алу және ауыстыру тегін болады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлікті алғаш рет алу және оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру кезінде мемлекеттік баж төлемейді.

Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл шешім құжаттандыру саласындағы цифрландыруды кеңейту аясында қабылданған. Қазіргі таңда паспорттарды электронды форматта рәсімдеу қызметі 71 елдегі 99 шетелдік мекемеде қолжетімді, соның арқасында шетелдегі қазақстандықтар паспортты 30 күн ішінде ала алады.

Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, жаңа тәртіп азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтып, құжат алу процесін барынша қолжетімді етуге бағытталған.

Ұқсас материалдар