Қазақстанда жеке табыс салығына қатысты салықтық шегерімдер мен 2026 жылдан бастап енгізілетін бірқатар өзгерістер нақтыланды.
2025 жылға ЖТС есептеу кезінде азаматтар медициналық қызмет, оқу және ипотекалық қарыз бойынша жоспарланған шығындарды қамтитын өзге де салықтық шегерімдердің алдын ала сомасын қолдана алады. Оның ең жоғары мөлшері – 282 АЕК немесе 1,2 млн теңгеден асады.
Көпбалалы отбасыларға (төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар) 282 АЕК көлемінде арнайы салықтық шегерім қарастырылған. Бұл жеңілдікті ата-аналар өзара бөлісе алады немесе бір ата-ана толық пайдаланады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап біржолғы зейнетақы төлемдері ЖТС-тен толық босатылады. Сондай-ақ бұрын алынған, бірақ салықты бөліп төлеу тәсілі таңдалған төлемдерге де осы норма қолданылады.
Осы күннен бастап жылжымайтын мүлікті сату кезінде мүліктік табыс меншік ету мерзімі екі жылдан асқан жағдайда ғана есептеледі. Ал 2026 жылға дейін сатып алынған мүлік үшін бұрынғы – бір жылдық мерзім сақталады.
Бағалы қағаздарды сату кезінде құн өсімінен түскен табыс барлық операциялар бойынша жиынтық нәтижемен айқындалады. Егер нәтиже теріс немесе нөлге тең болса, мүліктік табыс туындамайды.
Жаңа нормалар салық салу жүйесінің ашықтығын арттырып, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты
- 31 желтоқсан, 2025





