Фото: ЖИ
Кәсіпкер Кеңес Рақышев Shoqan School-дегі үлесін жұбайы Әсел Тасмағамбетоваға сатты. Бұған дейін мектептің 9% үлесі Тасмағамбетоваға тиесілі болған. Енді ол мектептің толық иесі атанды. Бұл туралы Forbes Kazakhstan хабарлады.
Ракишев мектептегі үлесіне өзі толық иелік ететін Fincraft Group арқылы иелік еткен. Үлесті сату туралы шешімді компания қатысушылары 15 қазанда қабылдады, ал меншік иелерінің құрамындағы өзгеріс 19 қазанда тіркелді. 2025 жылғы шілдеде кәсіпкер мектептің өзіне тікелей тиесілі 9% үлесін жұбайына сыйға тартқан.
Әсел Тасмағамбетова мен Кенес Ракишев Shoqan School мектебін 2020 жылы Алматыда ашқан. Forbes Kazakhstan дерегінше, 2026 жылы мектеп Астана мен Алматыдағы 25 жекеменшік мектептің рейтингінде сегізінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. 2025–2026 оқу жылында мектепте 1 185 оқушы білім алған. Басылым мектептің шамамен 5,46 млрд теңге табыс тапқанын, ал оқу ақысының орташа бағасы айына 512,7 мың теңге болғанын жазады.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Кеңес Рақышевпен байланысты Altaris Holding Ltd компаниясы британдық Nostrum Oil & Gas компаниясының Қазақстандағы мұнай-газ активтерін 304,6 миллион долларға сатып алғаны туралы хабарлады. Бұл мәміленің нәтижесінде Nostrum-ның Қазақстандағы 30 жылға жуық қызметі тоқтады.





