Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Рубионың сапары: АҚШ пен Өзбекстан $12 млрд көлеміндегі 54 келісімді жариялады

Рубионың сапары: АҚШ пен Өзбекстан $12 млрд көлеміндегі 54 келісімді жариялады

Фото: Саида Мирзиёеваның телеграм арнасы 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Өзбекстанға сапарының қорытындысы бойынша жалпы сомасы $12 млрд болатын 54 келісім жарияланды. 

Келісімдер өнеркәсіп, көлік, энергетика, қаржы, цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын қамтиды. Жоспарланған жобалардың қатарында Wabtec компаниясымен теміржол техникасын жергіліктендіру, GE Aerospace компаниясының Uzbekistan Airways әуе компаниясына ұшақ қозғалтқыштарын жеткізу, сондай-ақ америкалық қаржы және технология компанияларымен ынтымақтастық бар. Айта кетейік, Самарқанға америкалық компаниялардың 200-ден астам басшысы да барды. 

Сапар барысында Өзбекстан Айды, Марсты және өзге де ғарыш нысандарын бейбіт мақсатта зерттеуге арналған «Артемида» келісімдеріне қосылған 77-мемлекет атанды.

Сарапшылар келісім жарияланғанымен оның қаншасы жүзеге асатыны белгісіз дейді.  Өйткені былтыр Вашингтонда өткен C5+1 саммитінен кейін шамамен $34,5 млрд-тың келісімшарттары жарияланғанымен, Ташкент нақты жүзеге асқан инвестиция көлемін $7 млрд шамасында бағалаған. 

Ұқсас материалдар