Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Халық-Қазына»: валютамен қор жинау, кепілді табыс және отбасының қаржылай қорғаны

«Халық-Қазына»: валютамен қор жинау, кепілді табыс және отбасының қаржылай қорғаны

Жинағыңызды ұзақ мерзімге сақтап, валюта бағамының ауытқу әсерінен қорғап, сонымен қатар, сол жинақ арқылы жақындарыңызға қаржылайқорған бола алу жолын білесіз бе? Мұның бір әдісі – өмірді жинақтауарқылы сақтандыру. «Халық-Қазына» сақтандыру бағдарламасы осы үш шешімнің басын қосқан.

Ұзақ мерзімге қаржылық жоспар жасау кезінде жүйелі түрде ақша жинапқана қоймай, болашақта қандай нәтижеге қол жеткізуге болатынын алдынала түсіну де маңызды. Сондықтан жинақтаушы бағдарламаны таңдаудағынегізгі көрсеткіштердің бірі – кепілді кірістілік.

«Халық-Қазына» бағдарламасы бойынша жылдың табыс АҚШ долларымен4,2%-ға дейін, ал еуромен 2,19%-ға дейін. Кепілді мөлшерлеме шарттыңбүкіл қолданылу мерзіміне бекітілген. Бұл – болашақ капиталдың басы қалай құралатынын алдын ала бағалауға және нарықтағы кірістілікдеңгейінің өзгеруіне тәуелді болмауға мүмкіндік береді.

Валюта маңызды

Ұзақ мерзімді жинақ ұстау кезінде валюта тәуекелін де ескерген жөн.Сақтандыру жағдайы туындаған кезде төлемдер ҚР Ұлттық Банкінің өтініш берілген күнгі бағамымен аударылады.

Жәй ғана жинақ емес, сақтандыру құралы да

Жинақтау арқылы өмірді сақтандырудың кәдімгі банк өнімдерінен бастыайырмашылығы – қаражат жинақтаумен қатар сақтандыру қорғанысы да жұмыс істейтіндігінде.

«Халық-Қазына» бағдарламасы аясындағы сақтандыру күші тәулік бойы, аптасына жеті күн, бүкіл әлем бойынша. Шарт мерзімі ішінде, шарттакөрсетілген сақтандыру жағдайы туындаса, төлем оның талаптарынасәйкес жүзеге асады.

Егер шарт мерзімі ішінде сақтандыру жағдайы туындамаса, уақыты келгенде клиент жиналған соманы кепілді табысымен қосып алады. Мұның сыртынан шарт талаптарына сәйкес компания пайдасына ортақ болу есебінен қосымша табыс қалыптасуы мүмкін.

Осылайша, бір бағдарлама: капитал жинау және күтпеген жағдайлардансақтандыру деген екі міндетті қатар шешуге мүмкіндік береді.

Жақындарыңызға беруге болатын капитал

Ұзақ мерзімді жинақ қалыптастыру кезінде тағы бір маңызды мәселетуындайды: сақтандыру рәсімделген адам күтпеген жағдайға ұшыраса қаражат отбасы мүшелеріне қалай беріледі?

«Халық-Қазына» бағдарламасында мұрагерлік рәсім уақытын күтпей-ақсақтандыру төлемін алудың жеңіл механизмі қарастырылған. Яғни, төлемалушы  шартта алдын ала белгіленеді және қаражат бірден аударылады.

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – заң мен сақтандыру талаптарынасәйкес, жинақтар өндіріп алу, үшінші тұлғалардың талаптарынанқорғалғандығы.

Отбасы үшін бұл қосымша қаржылық тұрақтылық: жинақ клиенттің жекемақсатына ғана емес, жақындарының мүдделеріне жұмыс істейді.

Ақша жинау неден басталуы керек?

Бағдарламаға қатысудың бастапқы сомасы біржолғы жарна түрінде 1 000 АҚШ доллары немесе 1 000 еуродан басталады.

Шарт мерзімін клиент өз мақсатына қарай таңдай алады: 1 жылдан 20 жылға дейін. Соның арқасында бағдарламаны әртүрлі қаржылық мақсаттарға пайдалануға болады. Мысалы, валютада капитал қалыптастыруға, ірі шығындарына қаражат жинауға, қаржылай қор құруға немесе отбасының болашағын ұзақ мерзімге жоспарлауға ыңғайлы.

Ал негізгі параметрлер алдын ала айқындалады: валюта, шарт мерзімі және кепілді мөлшерлеме.

Болашаққа арналған қаржылық стратегия

Жинақтау арқылы өмірді сақтандыру қысқа мерзімді табыс табудан гөрі белгілі бір мерзім ішінде капиталдың басын құрап, сақтау маңызды болған жағдайда өзекті бола түседі.

Сондықтан Halyk Life компаниясы ұсынатын мұндай өмірді жинақтаушы сақтандыру – қаражатты жай ғана жинақтау тәсілі емес. Бұл – қанша қаражат жинау керектігін, капиталды қай валютада қалыптастыруды, қандай мерзімді таңдауды және қаржылық мақсатты қалай қорғауды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін құрал.

Ұқсас материалдар