Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарынан құралған алты адамнан тұратын қылмыстық топ жүк пойыздарынан 212 млн теңгенің тауарын ұрлағаны үшін сотталды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті хабарлады.
Тергеу дерегінше, күдіктілер 2024 жылғы тамыз бен 2025 жылғы сәуір аралығында «ҚХР – Еуропа» халықаралық бағыты бойынша қатынаған пойыз контейнерлерін тонаған. Ұрланған заттар қатарында бейнебақылау камералары, бала арбалары мен автокөлік бөлшектері бар.
Қылмыстық топтың 4 ұрлық дерегіне қатысы дәлелденіп, келтірілген шығын толық өтелді. Сот шешімімен әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.





