Қазақстан Рсепубликасының нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықтық экономикада тұтынушылар, олардың талғамы, осы арқылы әр елдiң адамдардың жалпы өмiр сүру деңгейiн, соған байланысты сұраныс қалыптастырушы ретiндегi экономикадағы маңызды орнын ескерiп өту болып табылады.
Сондықтан курстық жұмысымның тақырыбын экономикада субъективтi бағыт болып табылатын тұтынушылардың мiнез-құлығына байланысты “Тұтынушылық таңдау моделіндеогі дәрменсіздік ” деп алдым.
Бұл тақырыпта еңбек еткен экономикалық ғалымдарға тоқталатын болсақ, бұл теорияның сандық (координалистiк) талдау бағыттың өкiлдерi XX ғ. 70-жылдарындағы Джевонс, К.Менгер, Валрас және А.Маршалды айтсақ, ал тұтынушылардың талғамындағы реттiлiк ( ординалиситiк)баптың өкiлдерi Эджуард, Ориэта, Фишер және бұл теорияны аяқтаған Аллен және Хикстi айтуға болады.
Сондай-ақ бұл тақырыпта микроэкономика деңгейiнде еңбек еткен ғалымдар Долан Э. Дж., Пиндайк Р. және Н.Мэнкюдi ерекше атап өтуге болады.
Ал отандық экономикада бұл тақырыпқа экономикалық теория және микроэкономика деңгейiнде өз еңбектерi арқылы үлесiн қосып жүрген экономист-ғалымдар Әубәкiров Я.А., Мұхамедиев Б.М., Мамыров Н.Қ және т.б. жас ғалымдарымызды атап өтуiмiзге болады.
Менiң бұл жұмысты орындаудағы мақсатым микроэкономикадағы тұтынушылар таңдауы моделін зерттеп, Қазақстан Республикасындағы тұтыну рыногының қазiргi жағдайы және Қазақстанның тұтынушылар талғамына модел жасау болып табылады.
Осы мақсатқа сай жұмыстың мiндеттерi келесiдей:
- Тұтынушы рыногын зерделеу;
- Тұтынушылар таңдауын және мiнез-құлығын қарастыру;
- Тұтынушылар талғамына әсер етушi факторларды қарастыру;
- Қазақстанның тұтынушылар рыногын талдау арқылы, өзiндiк баға беру.
I-бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАЛҒАМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
1.1 Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы
Тұтынушы рынокта белгiлi көптеген тауарлар мен қызметтердiң iшiнен таңдау жүргiзедi. Сұраныс деп тұтынушылардың белгiлi бiр өнiмдi таңдау және сатып алу қабiлетiн айтады. Экономика деген ғылым шектеулi ресурстарды таңдау және оларды пайдалану тәсiлдерiмен шұғылданады. Осы мәселенi шешкенде әрбiр рынок субъектiсi максималды пайдалылыққа жетуге тырысады. Ол кез келген рынок субъектiсi оңтайлы мiнез-құлығымен әрекет жасауы керек.
Олардың арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез-құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Кез келген тұтынушы ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасады делiк. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi.
Тұтынушылар бiрiгiп сұранысты қалыптастырса, онда сұраныс тауардың бағасы мен көлемiнiң арасындағы тiкелей байланысты көрсетедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк. Яғни, ол келесi түрде берiледi:
Q = QD (P) (1)
Мұндағы, Q - өнiм көлемi;
Р – тауар бағасы;
QD (P) – сұраныс функциясы / 1, 22 бет /.
Сұраныс көлемi – сұранысқа әсер ететiн басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлi бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетедi. Бұл жерде сұраныс заңы тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс көлемi соғұрлым төмен болады, яғни Q = QD (P) тәуелдiлiгi керi. Ол “D” сұраныс қисығы болып табылады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз:
Тұтынушылардың талғамы келесiдей анықталған гиотезалардан тұрады. Мысалы:
- Күнделiктi өмiрде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келедi. Бiрақ, тауарларды сатып алу кезiнде тұтынушыға ең басты кедергi болатын көрсеткiш – баға. Жоғары деңгейдегi баға сатып алушыға үлкен кедергi болады да, ол өнiмдi көп алғысы келмейдi, ал төмен деңгейдегi баға оның сатып алу қабiлетiн күшейтедi.
- Әр уақытта да тұтынушы өнiмнiң алғашқы бiрлiгiнен көп қанағат алады. Мысалы, сiздiң бiрiншi iскен стакан суыңыз сiзге өте әсер етедi, ал екiншiсi ондай дәмдi болмайды, үшiншiсi екiншiден де аз қанағат әкеледi. Бұл жағдайда тауардың шектi пайдалығының азаю принципi тұтынуға әсер етедi. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбiр келесi бiрлiгiн тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады;
- Тұтынушылардыi iс-әрекетiн табыс әсерi және ауыстыру әсерi арқылы түсiндiруге болады. Бұл екi фактор бола отыра ендi оның тұтынушы сұранысына әсерiн зерттеп көрейiк.
1.2 Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез-құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде
Тұтынушылардың сұранысына әсер ететiн негiзiнен бағалы және бағалы емес факторлар бар. Бiзге белгiлi тұтынушылардың таңдауы шексiз болады, ал олардың тұтыну мөлшерi белгiлi бiр деңгейде болады. Яғни, олар не қаласа соны ала бермейдi, оларға тосқауыл болатын әрбiр тұтынушының табысы болып табылады. Әрине, сондықтан олар өздерiнiң шектеулi табыстарын тиiмдi пайдаланып, сұранысын максималды қанағаттаныру үшiн тауарлардың пайдалылығын қарастырады.
Сонымен қатар, тауарға деген сұраныс көлемiне тұтынушылардың табысы үлкен әсер етедi. Бұл көрсеткiшке байланысты тауарларды келесiдей екi түрге бөледi:
- кәдiмгi тауарлар;
- жоғары сапалы және қымбат тауарлар;
- сапасы төмен тауарлар.
Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде зерттелiп отырған тауарға деген сұраныс көбейетiн болса, онда бұл тауарларды кәдiмгi тауарлар деп атайды. Мысалы, тұтынушылардың табысы өскен сайын олардың ет өнiмдерiне деген сұранысы өседi. Ал керiсiнше табыс өскен кезде тұтынушылардың тұтыну көлемi кемiсе, ондай тауарларды сапасыз тауарларға жатқызамыз.
Бiр тауардың екiншi тауарға қарағанда пайдалылырақ екендiгiн анықтау үшiн ешқандай өлшем бiрлiгiн пайдалану мүмкiн емес. Ол тек салыстырмалы ұғым. Заттың пайдалылығы адамның қажеттiлiлiгiн қаншалықты қанағаттандыратына байланысты. Сондықтан ол әр адамның психологиясына өмiр сүру ерекшелiктерiне байланысты болады.
Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берiлген болса, онда оның пайдалылығын сан түрiнде анықтау үшiн пайдалылық функциясы қолданылады. Ол функция Х,У тауарлары үшiн былай жазылады:
U = U ( х, у )
Бұл функция тұтынушы Х,У тауарларын тұтынғанда қол жеткiзетiн ең жоғарғы пайдалылығын бейнелейдi.
Егер пайдалылық функциясы тұрақты бiр санға тең болса, немесе:
U = U ( x, y) = C0 – const.
Онда жазықтықта мұндай функцияның графигi 5-шi суретте бейннеленгендей болады. Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып бiрдей пайдалалық әкелетiн тауарлар құрымының жиынтығын көрсетедi. Мысалы: тұтынушы бiр апта Х және У тауарларын тұтынады деп жорамалдайық,
Х- алма саны;
У- алмұрт саны.
1-шi кестеде және 5-шi суреттi салуға негiз болған мәлiметтер жинақталған.
Кесте 1 Алма және алмұрт саны
Жиын |
У алмұрт |
Х алма |
А1 | 10 | 4 |
А2 | 6 | 5 |
А3 | 3 | 6 |
А4 | 1 | 7 |
А1 жиынындағы 4 алма мен 10 алмұрт және А2 жиынындағы 5 алма мен 6 алмұрт тұтынушы үшiн бiрдей пайдалылық әкеледi. Демек, талғамсыздық қисығының бойында жатқан А3 және А 4 жиындары тұтынушыға бiрдей пайдалылық әкеледi деп қорытынды жасауға болады. Бұл жағдайда талғамсыздық қисығы келесiдей болады.
Талғамсыздық қисықтарының жалпы қасиеттерi:
- Талғамсыздық қисығы неғұрлым кординаттар осьiне алыс орналасса, соғырлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда әкеледi.
- Бiр жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиылыспайды.
Тұтынушылар талғамы теориясындағы шектi пайдалылық – тауардың қосымша бiрлiгiн тұтынған кездегi тұтынушыға әкелетiн қосымша пайдалылығы.
Талғамсыздық қисығының бойындағы алмастыру шектi нормасын игiлiктердiң шектi пайдалылығымен байланыстыруға болады. Жиындағы у тауарларының шамасын ∆у- ке азайтсақ, бұл тұтынушыға зиян келтiредi.
Ауыстырудың шектi нормасы талғамсыздық қисығының бойымен төмен қарай жылжығанда бiрте-бiрте азаяды. Себебi тұтынушы Х тауарының шамасын көбейткен сайын бұл тауардың әр бiр қосымша бiрлiгi аз шектiлiк пайдалылық әкеледi. 8-суретте А1 – А4 нүктелерi арасындағы ауыстырудың шектi нормалары көрсетiлген. 2-шi кестеде 8-шi суретте бейнеленген әр бiр талғамсыздық қисығының әр бiр нүктесiнде MRSxy - тi есептеуге пайдалынылған мәлiметтер берiлген.
Кесте 2 Ауыстырудың шектi нормалары
Жиын | У | Х | MRS xy |
А1 | 10 | 4 | |
А2 | 6 | 5 | 4 бiрлiк У-тi 1 бiрлiк Х-ке |
А3 | 3 | 6 | 3 бiрлiк У-тi 1 бiрлiк Х-ке |
А4 | 1 | 7 | 2 бiрлiк У-тi 1 бiрлiк Х-ке |
Тұтынушы бар қаражат Х және У тауарларын сатып алуға жұмсады делiк. Егер оның бюджетiн немесе бар қаражатын I деп, ал Х және У тауарларының бiр өлшемiнiң бағаларын Рх, Ру деп белгiлесек онда бюджеттiң шектеулiгiн аламыз. Оның формуласын келесi түрде жазуға болады:
РХ Х + РУ У = I
Бұл бюджет сызығы деп аталып, яғни Х, У тауарларын сатып алуға бюджеттiң толық жұмсалатындығын көрсетедi.
Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесi 8-шi суретте келтiрiлген. Соңғы теңдеудi былай да жазуға болады:
У= I/ Ру – Рх / Ру * Х
Бұл жерде Рх/Ру - бюджет сызығының бұрыштық коэфициентiн бейнелейдi. Бұрыштық коэфициент жалпы табыс өзгермейтiн жағдайдағы алмастырудың шектi нормасын көрсетедi. Егер бюджет теңдеуiнiң бағаның бiрi өзгеретiн болса, онда бюджет сызығы да өзгередi. Мысалы Х тауары арзандап, оның жаңа бағасы Рх болды делiк.
Сонымен, егер Х тауарының бағасы арзандайтын болса, онда бюджет сызығы оңға қарай немесе сағат тiлi бағытына қарсы өзгередi, ал баға өскен жағдайда сағат тiлi бағытында өзгередi.
Табыс және бағада болатын өзгерiстер бюджет сызығының қозғалысына әкеледi. Табыстың өсуi бұрын тұтынушының қолы жетпеген тауарды сатып алуға мүмкiндiк бередi. Сондықтан ол бюджет сызығын координат осьiмен жоғары жылжиды. Бұл уақытта, бюжет сызығының көлбеуiн өзгертпейдi. Табыстың азаюы бюджет сызығының координаттар осiне жақындатып, паралель жылжытады. Тұтынушылар талғамы дұрыс қалыптасу үшiн, олар бюджеттерiнiң шектеулi екендiгiн ескертiп, ең көп пайдалылық алып келетiн тауарлар құрамын анықтау қажет. Бұдан ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығымен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесiнде екенiн бiлемiз. Теңдестiк жағдайында алмастырудың шектi нормасы MRS ху - пен бюджет сызығының бұрыштық коэфициенттерi тең болады. Сондықтан тұтынушы өзiнiң теңдестiк жағдайына қол жеткiзуi үшiн Х және У тауарларының көлемi келесi шарт орындайтындай етiп таңдауы қажет:
MRS xy = MUx /MUy =- Рх /Ру
Бұл теңсiздiк тұтынушының теңдестiк шарты деп аталады.
II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРI
2.1 Тұтынушы талғамына әсер ететiн “табыс және баға тұтыну” қисықтары
Бiз алдынғы тақырыпта әрбiр түтынушының оңтайлы таңдауын жеке қарастырдық. Бiрақ бiзге тәжiрибеден белгiлi тұтынушылардың табысы ылғи да өсiп отырады. Онда ол тұтынушылардың оңтайлы нүктесi, яғни бюджет сызығы да паралель түрде оңға өсiп отырады.
Әрбiр табыс өскен сайын оңтайлы нүкте Е өзiнiң орнын Е2 және Е3 нүктелерiне ауыстырып отырады. Осы жағдайда жазықтықта бейнелейтiн болсақ, онда бiз тұтынушылардың теңдестiк жағдайын бейнелейтiн нүктелердiң тiзбегiн аламыз.
Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. Егер тұтынушы тауарды сапасыз деп қарастырғанда “табыс-тұтыну” қисығы координаттардың вертикаль осiне қарай бұрылады. Табыстың белгiлi бiр деңгейге жетiп одан әрi өсуi, бұл тауарды тұтынудың азаюына әкеледi. Осы деңгейге жеткенде “табыс-тұтыну” қисығының көлбеуi терiс сан болады.
Егер тұтынушының табысы өзгермей Х және У тауарларының тек бiреуiнiң ғана бағасы өзгеретiн болса, онда бiз әр түрлi бюджет сызықтарын аламыз. Олардың әр қайсысының теңдестiк оңтайлы жағдайлары болады. Егер осы теңдестiк жағдайын бейнелейтiн нүктелер тiзбегiн бiр-бiрiмен қосатын болсақ, онда бағаның өзгеруiне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгеретiнiн бейнелейтiн қисық аламыз.
Осы баға-тұтыну қисығы арқылы сұраныс қисығын салуға болады. Бұл жағдайда тұтынушылардың қалаулары мен мүмкiндiктерiнiң өзара iс-әрекеттерi нәтижесiнде Х тауарына сұраныстың пайда болғанын көре аламыз. Нарықтық сұраныстың қисығы жеке сұраныс қисықтарының горизонтальды жиынтықтау жолымен табылады / 4, 74 бет /.
Бұл қисық әр түрлi бағада жеке тұтынушының сұраныс көлемiн көрсетедi. Ал Х тауары үшiн тұтынушының сұраныс қисығы болып табылады. Сонымен сұраныс қисығы мен “баға-тұтыну” – басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда, тауардың бағасы өзгеруiне байланысты осы тауарды сатып алу көлемi қалай өзгеретiнiн көрсетудiң екi түрлi әдiсi деп айта аламыз.
Қазақстандағы тұтынушылардың рыногы бүгiнгi таңда бiршама жақсы дамыған деп айтсақ болады. Себебi, экономикамыздың рыноктық қатынасқа өтуiне байланысты елге көптеген шетелдерден әр түрлi тауарлар ағымы келуде. Сондықтан, Қазақстанның тұтынушыларының таңдау шеңберi үлкен деп айтуға болады. Бiрақ бұл жерде елдiң тұтынушылардың талғамын шектейтiн бiр мәселе орын алуда. Ол олардың табыстары мен кiрiстерi болып отыр. Мысалы, елiмiздiң экономикасы құлдыраумен және 1999 жылдары қайта жанданумен байланысты тұтынушылар теориясындағы табыс тұтыну қисығы елiмiзде жылдан жылға өсiп келедi. Бұл әрине қуанарлық жағдай, яғни елiмiз тұтынушыларының таңдау мүмкiншiлiгi шеңберi кеңеюде.
Сонымен қатар, тұтынушылардың табысының өсуiне байланысты кезiндегi дағдарыс жылдары iшкi рыногымызда қаптап кеткен сапасыз тауарларға бүгiнде сұраныс азайып, ендiгi жерде халықтың табысының өсуi және тұрмыс жағдайының жоғарылауына байланысты сапалы тауарлар және олардың көп түрлi нұсқалары келе бастады.
Сондай-ақ елiмiздегi баға тұтыну қисығы да өте икемдi болып отыр. Өйткенi рынокта бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың көр болуына байланысты бiр тауардың бағасының өсуi екiншi тауардың сұранысын көбейтуде.
2.2 Қазақстандағы тұтыну нарығы мен тұтынушылар талғамының жағдайы
Тұтынушылардың iс-әрекетi олардың бюджеттiк шектеуiне, анығын айтқанда табысына байланысты болса, ал олардың табысы ел экономикасының жағдайына байланысты.
Елiмiзде экономиканың даму жүйесi әр түрлi кезеңдерден өткенi белгiлi. Кезiңдегi Кеңес Одағы кезiнде тұтынушылардың талғамы деген сирек кездесетiн ұғым едi, өйткенi ол кезде шығарылған өнiм бiрдей, табыстарың арасында онша алшақтықтар болмады.
Ал 1991 жылдан бастап елiмiз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуiмен байланысты бұрынғы экономикалық жүйе бұзылып, әр түрлi реформалар жүргiзiлдi. Елiмiзге шетелдерден көптеген тауарлар импорты ағымы пайда болды. Отандық өндiрiсте жаңадан кәсiпорындар ашыла бастады. Дағдарыс жылдары елiмiзде жұмыссыздар көбейiп, халықтың табысы мардымсыз болды. Сол себептен тұтынушылардың дағдарыс жылдары төмен сапалы өнiмдер алуына тура келдi. Ал 1997 жылдан бастап, елiмiзде экономикалық және әлеуметтiк өсу байқалып, ол халықтың табысының өсуiне, олардың талғамының жоғарылауына алып келдi.
Бүгiнде елiмiзде орташа еңбекақы мөлшерi 22600 теңге болып, ал ең минималды еңбекақының көлемi 5500 теңге болды.
Тұтынушылар бағасының номиналды және нақты еңбекақы индексiнiң өзгерiсiн және олардың атаулы жалақыларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша келесi 3-шi кестеден көре аламыз / 10 /.
Бұл кестеден көретiнiмiз, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың қыркүйек айы бойынша өңiрлерiндегi атаулы жалақының деңгейi және оның өткен жылмен салыстырғандағы индекстерi көрсетiлген.
Елiмiзде жалақыны ең көп алатын облыстарға Атырау (48272), Маңғыстау (44841), Астана қаласы (33014), Алматы қаласы (32714), Батыс Қазақстан (29706) теңге болса, ал ең төмен жалақы алатын аймақтарға Жамбыл (14653), Оңтүстiк Қазақстан (15367), Ақмола облысы (15431), Солтүстiк Қазақстан (15327) теңгенi құрап отыр. Әрине бұл көрсеткiштердiң арасындағы айырмашылық алшақ болып отыр. Өйткенi ел аумағының шарушылығына және ондағы тұрмыс деңгейiне байланысты.
2005 жылғы Елбасымыздың халыққа Жолдауында ендiгi жерде экономиканың әлеуметтiк салаларға негiзiнен көңiл бөлетiнiн айтты. Жолдауда мемлекеттiк қызметкерлердiң жалақысын 32%-дан астам өсiретiндiгiн, ал оның мөлшерiнiң 2006 жылы тағы да 30%-ға өсетiнiн, сондай-ақ жеке меншiк кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң де минималды еңбекақы деңгейiн 9200 теңгеге жоғарылататындығын, елдегi орташа жалақыны 200$-дан асыратындығын ашып айтты. Сонымен қатар, бұл Жолдауда зейнеткерлердiң зейнетақысының минималды деңгейiн 9200 теңгеге өсiретiндiгiн, студенттердiң степендияларын 2 еседен артық өсiретiндiгiн айтты. Сонымен қоса алдағы уақыттарда мүгедектер мен көп балалы аналарға жәрдемақы деңгейiнде өсiретiндiгiн айтты. Яғни, осыларды зерделей келе, елiмiздiң тұтынушыларының талғамы ұлттық экономиканың дамуы және жүргiзiлген тиiмдi саясаттар негiзiнде жылдан-жылға өсiп келе жатқандығын көре аламыз.
Халықтың бiр мезетте табысының осыншама дереу өсуi әрине тұтынушылардың қалауына әсер етiп, олар бұрынғы бюджеттiк шектеу сызығынан оңға қарай жылжиды. Яғни, тұтынушылардың талғамы жоғарылап, олар өз кезегiнде сапалы тауарлар және көп мөлшерде алуға ынталы болады. Бұл жағдайда әрине инфляцияның мөлшерден тыс жоғарылап кетуiнен сақтану керек. Оны мемлекет өзiнiң әр түрлi экономикалық саясаттары арқылы қатаң түрде реттеуi қажеттi.
Сонымен, халықтың тұтынуы мен талғамы оның жалақы мөлшерiне тiкелей байланысты болғандықтан елiмiз өңiрлерiндегi осы атаулы жалақы деңгейi арқылы олардың тұрмыс деңгейiнде және олардың бюджетiнiң тұтыну қабiлеттiлiгiн де көрiп отырмыз.
Осы тұтынушылардың өз талғамдарын максималды қанағатандыру үшiн және олардың құқықтарын қолдау үшiн тұтынушылардың құқығын қорғайтын одақ құрылып, ол жұмыс iстеп келе жатыр. Бiрақ көп жағдайларда елiмiздегi тұтынушылар бұл одақтың қызметiн пайдалана бермейдi. Бұл жағдай тұтынушылардың бұл туралы хабарсыз немесе құқықтық сауатсыздығына байланысты болуы мүмкiн деген пiкiрге келемiз.
Тұтынушылар қоғамдары мен одақтары өз қызметiн Қазақстан Заңдарына сәйкес жүргiзетiн коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар болып табылады. Тұтынушылар одақтары тұтынушылар құқықтарының бұзылуын жою үшiн келесi шараларды қолданылады:
- тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге, олардың бағалары мен тарифтерiне тәуелсiз сараптама жүргiзедi;
- қызмет көрсетудiң әр түрлi салаларында тұтынушылар құқықтарының сақталуын тексередi;
- құқық қорғау және бақылау органдарына көтерiңкi баға бойынша немесе сапа жөнiндегi белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiм шығарумен өткiзуде бұған кiнәлi адамдарды жауапқа тартады;
- өнiмге, бағалар мен тарифтерге тәуелсiз сараптамалар жүргiздi;
- мемлекетпен және стандарттау орталықтарымен бiрлесiп қызметтер атқарады.
Елiмiзде осы аталған тұтынушылар одақтарының қызметтерi заңдастырылғанмен, олардың бүгiнгi таңда толық қанды қызмет теiп отырғандығын көре алмай отырмыз. Ол үшiн елiмiздегi тұтынушылар одақтарының мәртебесiн көтерiп, оның атқаратын қызметтерi туралы халықпен хабардар етуiмiз керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, тұтынушылардың iс-әрекетi нарықтық экономикада бiрiншi орныда болып, ол сондай-ақ субъективтi көзқараста болады. Яғни, нарықта әр тұтынушының талғамы, ұнатымдылығы әр қалай. Оған бiрiншiден тұтынушының субъективтi көзқарасы, екiншiден оның табысының деңгейi әсер етедi. Осы жоспарды тұтынушылар iске асырса олар өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi.
Тұтынушылар бiрiгiп сұранысты қалыптастырса, онда сұраныс тауардың бағасы мен көлемiнiң арасындағы тiкелей байланысты көрсетедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Нарықтық экономикада тұтынушылар сұранысты қалыптастырушы болып табылады және оның қызмет етуi сұраныстың заңдарымен ұқсас болады. Сонымен тұтынушылардың талғамына екi жағдай әсер етедi. Олар: бiрiншi тұтынушының табысы, екiншi нарықтағы тауарлар бағасының өзгерiсi. Бұлардың ерекшелiктерiн жұмыстың барысынан көре аламыз.
Сондықтан мен жұмысымның бiрiншi бөлiмiмде сұранысты және тұтынушылардың мiнез-құлығының теориясын қарастырдым, ал екiншi бөлiмде тұтынушылардың талғам моделiн және олардың өзiнiң сұранысын максималдау шартын, сондай-ақ тұтынушыларға әсер ететiн факторларға тоқталдым. Бұл жерде мен “баға және табыс тұтыну” қисықтарын көрсетiп кеттiм.
Сондай-ақ жұмысымның екiншi бөлiмiнде Қазақстан экономикасындағы тұтынушылардың талғамын, олардың табыс деңгейiн және осы халықтың тұрмыс деңгейiн көрсететiн тұтынушылардың “табыс-тұтыну” қисығының оңға қарай тиiмдi өсуiн қамтамасыз ету үшiн елiмiздегi қазiргi жағдайды шама шарқым келгенше қарастырып өттiм.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
- Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
- Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
- Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
- Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
- Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
- Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
- Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
- Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория . Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
- Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
- Ю. К. Шокоманов Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2001 г. - с. 38-44.
- Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгiнiң бюллетенi. 2004 жылғы Қазақстан Республикасының өңiрлерi бойынша. – Алматы. 2004 жыл. – 6 бет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024