Америка Құрама Штаттарында билікке Дональд Трамптың келуі аздап Қытайға қарсы айтылған сөздерді көбейтті. Дегенмен, осы айдың басында орын алған Трамптың Флоридағы үйіне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сапары екі жақты қарым-қатынаста статус-кво сақталатынын білдіреді, ал бұл әлемдік сауда, өсу және тұрақтылық үшін маңызды және бірдей қытай мен АҚШ жұмысшылары үшін өте жақсы жаңалық болуы мүмкін.
Саммитте, Си АҚШ-пен оң қарым-қатынас сақтау үшін Қытайдың дайындығын растады. Ол «бізде Қытай-АҚШ қарым-қатынасының оң болуына мың себеп бар», «ал оларды бұзуға ешбір себеп жоқ» деді. Трамп болса, жақын арада Қытайға баруға Си шақыруын қабылдады.
Сауда бойынша, Трамп пен Си АҚШ сауда тапшылығын қысқарту бойынша талқылаудың 100 күндік жоспары бойынша келісімге келді. Сонымен қатар, АҚШ Қытай ұсынған екі мемлекет арасындағы қатынастың құрылымын өзгертуге бағытталған АҚШ-Қытай Аумақты Диалогын құруға ұсынысын қабылдады. Ол дипломатия және қауіпсіздік, экономикалық мәселелер, құқық қорғау және киберқауіпсіздік, әлеуметтік және мәдени мәселелерден тұратын болады.
Си және Трамп арасындағы түсіністік олардың елдері тап болған ішкі және халықаралық тәуекелдерді мойындаудан туған тәрізді. Екеуі де тұрақты АҚШ-Қытай қарым-қатынасы олардың өз қатерлеріне баса назар аударуға мүмкіндік беруіне қажет екенін мойындайтындай көрінді.
Си үшін, сол проблемалар, сыбайлас жемқорлық, ластану, өскелең қарыз, шамадан тыс өндірістік күш, және төмен өнімділікті шешу үшін жабдықтау жағымен байланысты құрылымдық реформаларды қамтиды. Трамп болса, ол үшін басты ой салықты азайту және инфрақұрылымға инвестиция салу тәрізді уәделерін іске асыру үшін, саяси және институционалдық кедергілерді жеңу болып табылады.
Бірақ екі көшбасшыға ортақ бір негізгі мәселе бар және ол жұмыс орындарымен байланысты. Автоматтандыру және робототехника тәрізді технологиялық дамулар, өскелең жұмыс орындарына қысым көрсетуде. АҚШ-та, бұл қысым Трамптың сайлау науқанының қозғаушы күші болды (алайда ол жиі және орынсыз иммигранттар мен Қытай тәрізді дамушы экспорттаушы елдерге кінә тағумен орын алды). Бірақ Қытайда да, технологиялардан туған жұмыс орындары бойынша сенімсіздік саяси тұрақтылыққа қатер төндіруі мүмкін.
Өткен жылы АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі таратқан баяндамаға сәйкес, алдағы онжылдықта кез келген жерде жұмыс орындарының 9% -нан 47 пайызына дейін автоматтандырудан қауіп төнеді. Жақында, McKinsey да бұл тақырыпта өз зерттеуін дайындап шығарды, ол бойынша барлық кәсіптердің шамамен 60% -ы өз қызметінің 30%-ын немесе одан да көп бөлігін автоматтандырады.
Енді, әлемдік көшбасшылар - Трамп пен Сиден бастап - қолданыстағы жұмыс орындары жоғалған сайын жұмыспен қамту мәселесін қалай шешуді анықтау керек. Обама әкімшілігінің зерттеуі үш тәсілді ұсынды: жасанды интеллектке инвестиция салу (оның артықшылықтарын қолдану үшін); болашақ жұмыс орындарына қызметкерлерді дайындау үшін оқыту; және өтпелі кезеңдегі қызметкерлерге көмек көрсету. Бұның барлығы жақсы, бірақ бір нәрсе ұмтылып жатыр: жеткілікті жаңа жұмыс орындары шын мәнінде құрылуын қамтамасыз ету.
Қытай мен АҚШ-та, жұмыс орындарының жойылуы салалық және географиялық теңгерімсіздікке байланысты. Жүргізушісіз автомобильдердің қолданысқа енуі, мысалы, АҚШ-та 2-3 млн жұмыс орнындарын жоюы мүмкін. Бұл жұмыс орындарын жоғалту әсіресе жеке және жүк көлігінен бастап басқа да секторлардағы қызметкерлерге қатты соққы болады.
Сол сияқты, зауыттық қызметкерлерге автоматтандыру әсері белгілі бір аймақтарда шоғырлануы мүмкін. Қуатты өндірістік секторы ретінде мақтан тұтылған Американың Rust Belt қазірдің өзінде автоматтандыру зардабын шегіп отыр. Қытайда, шамадан тыс жұмыс күші шоғырланған, қоршаған ортаны ластайтын және шығындылықты ауыр өндіріс орындарының жабылуына байланысты, жұмыс орнын жоғалтудан ең қатты зардап шегіп жатқан солтүстік өңір болып табылады.
Бірақ жұмыс құру мәселесіне ең қатты әсер ететін мекемелер мен саясат арасындағы жанама асимметрия болуы мүмкін. Мемлекеттік жұмыспен қамтудағы күрт артулар әдетте қаржы жағынан тұрақсыз, тіпті өнімділікке қайшы келеді, себебі олар жеке секторды ығыстырып тастайды. Дегенмен жеке немесе мемлекеттік ірі кәсіпорындар пайда табу немесе тиімділік бойынша қысым астында жұмыс орындарын қысқарту режимінде. Бұл шағын және орта бизнеске (ШОБ) қолдануға болатын тиімді жағдай жасар еді.
Қытайдың шағын және орта бизнесі әрине осылай жасай алады. Шынында да, ірі кәсіпорындар қазіргі уақытта жұмысшыларын босатпаған жағдайда да, олар интерактивті интернет платформалар арқылы өзгерген экономикада, неғұрлым тиімді және инновациялық шағын және орта бизнестен жеңіліп қалар еді.
Электрондық коммерцияны қарастырайық. Alibaba зерттеу институтының соңғы зерттеуіне сәйкес, электрондық коммерция клиенттер мен бизнес арасындағы қарым-қатынасты қайта өзгертіп жатыр. Бұрын жәй бизнес тұтынушыны жабдықтап және тауар тарату моделі қазір әлдеқайда интерактивті болып, клиенттер кері байланыс арқылы өз пікірлерін жеткізіп, ал бизнес үнемі соған бейімделіп жатыр.
Alibaba сияқты ірі интернет платформалар осындай өзгерістерді бақылау үшін Big Data және Smart Analytics пайдалана алады. Бірақ үлкен құрылымды фирмалар, шағын және орта бизнес әріптестерімен бірдей жылдамдықпен өздерінің өнімдерін немесе оны тарату жолдарын өзгерту сияқты осындай өзгерістерге тез жауап бере алмайды.
Құнды инновациялар өндіріп және жұмыс орындарын құруға ШОБ әлеуетіне қарамастан, бұл секторды саясаткерлер мүлдем ескермеген. Мысалы, жұмыс орындарын құру және инновация тұрғысынан ШОБ-қа салық жеңілдіктері қарастырылмаған. Ал, жеке сәтсіздік тәуекелдері салдарынан шағын және орта бизнес жиі, әсіресе Қытайда, банк несиелеу бойынша жоғары шығындарды тап болады.
Әлемдегі ең ірі екі тұтынушылық нарықтар мен жетекші сауда әріптестері ретінде, Қытай және АҚШ бір-біріне өскелең, ауқымды және жоғары сапалы жұмыс орындарын құруға кедергілерді еңсеруге көмектесе алады. АҚШ-та инновацияларды, жаңа және болашаққа бағдарланған салаларда жұмыс орындарын құруды қолдауды жалғастыру үшін технологиялар, талант, және нормативтік тәжірибесі бар. Ал заманауи қызметтер секторының басқаруындағы тұтынуға бастаған экономикаға қарай Қытайдың қадамы, жоғары сапалы және инновациялық АҚШ тауарлары мен қызметтеріне деген сұранысты арттыра алады.
Нәтижесінде, даму үшін жаңа жаһандық серіктестік және әлдеқайда теңдестірілген сауда қарым-қатынасы пайды болуы мүмкін. Осыны ескере отырып, Трамптың соңғы Флорида саммитінде көрсеткен кооперативтік рухты ары қарай қолдайды деп үміттенейік.
Авторлар туралы:
Эндрю Шэн - Гонконг университетіндегі Азия жаһандық институтының құрметті қызметкері және тұрақты қаржы жөніндегі ЮНЕП Консультативтік кеңесінің мүшесі.
Сяо Гэн - Гонконгтағы Халықаралық қаржы институтының президенті, Гонконг университетінің профессоры.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024