Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

7 жыл бойы алимент төлемеген борышкердің бас бостандығы шектелді

7 жыл бойы алимент төлемеген борышкердің бас бостандығы шектелді

2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды алимент төлеуден қасақана жалтарған «Н» азаматына қатысты ҚК-тің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Алимент төлеуге мүмкіндігі бар ол 7 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан.

2018 жылдан бері берешек сомасы 12,6 млн теңге.

«Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімі бойынша борышкер ҚК-тің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас материалдар