Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кредитімді түгел қайтарсам да, коллекторлық агенттік сотқа бермекші. Не істесем болады?

Кредитімді түгел қайтарсам да, коллекторлық агенттік сотқа бермекші. Не істесем болады?

СҰРАҚ:

Альянс банктен бұрын кредит алғанмын. Кешіктіргенім үшін борышкерлермен жұмыс бюросына өткізіп берген. 1,2 жыл соларға төледім. Солардың айтуымен қарыз соманы Альянс банкке апарып түгел төледім. Анықтамасын апарып көрсеттім. Бірақ осы жұмада біреу 2 рет коллекторлық агенттіктенмін деп хабарласты. Істі сотқа береміз дейді. Мен ауылда тұрамын, не істеуім керек?

Ерлан, әлеуметтік желі арқылы жіберді

Жауап: Ерлан, Сіз өзіңіз тұратын жердегі Альянс банкінің бөлімшесіне және сізге хабарласқан коллекторлық агенттіке барып, кредитті жапқаныңызды көрсетіп, арыз жазуыңыз керек. Оған кредитті жапқаныңыз туралы анықтаманың көшірмесін қоса ұсыныңыз. Егер қоңырау шалуды тоқтатпаса және негізсіз қоқан-лоққы жасаса құқық қорғау органдарына немесе сотқа шағымдансаңыз болады. Бастысы Сіз қарыз емессіз және қолыңызда анықтамаңыз бар.

Похожие материалы