
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, ведомство құрылғаннан бері еліміздің 10 өңірінде коммуналдық гидротехникалық нысандарды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер ашылды.
Қазіргі уақытта олардың балансына 872 нысан қабылданды, 283 арнайы техника берілді және 1 197 маман жұмысқа орналастырылды. Негізгі міндет – нысандардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, оларды күтіп ұстау және уақтылы жөндеу.
Министр Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, мұндай мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында құрылған. Жалпы саны – 16.
Сонымен қатар, облыс әкімдіктерімен бірлесіп, 2025–2027 жылдарға арналған жол карталары әзірленді. Олар арқылы мамандандырылған мекемелердің балансына қосымша коммуналдық гидротехникалық нысандар қабылданбақ.