Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

900 мың тоннадан астам картоп жиналды

900 мың тоннадан астам картоп жиналды

Әр өңірдің алқаптарынағы баға килограмына 90-нан 120 теңгеге дейін өзгеріп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі айтты. 

Биыл ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп егістігінің көлемі 11 мың гектарға ұлғайып, жалпы өнім көлемін 2,7 млн тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Бұл ішкі нарықтың жылдық қажеттілігінен (шамамен 2 млн тонна) айтарлықтай жоғары.

«Болжам бойынша өнім мол болады. Мұндай көлемде ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге еш қауіп жоқ. Сондықтан 28 шілдеде картоп экспортына қойылған барлық шектеулер алынды», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Бөлшек саудадағы орташа бағалар да төмендеуде. Статистика деректеріне сәйкес, 2 қыркүйекте ел бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 194 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір апта бұрынғыдан 3,9 %-ға төмен.

Экспорт бағытында да оң динамика байқалады. Тамыз айында фитосанитарлық сертификаттарды рәсімдеуде туындаған техникалық мәселелер шешімін тапты. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша Өзбекстанға жөнелтілген 8,7 мың тонна картопқа құжаттар рәсімделді.

«Биылғы экспорттық әлеует 450 мың тоннаны құрайды және оның ішкі нарыққа еш әсері болмайды», – деп түйіндеді Ербол Тасжүреков.

Ұқсас материалдар