Жаңалықтар
"АЭС экология тұрғысынан тиімді" — ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
"Бұл даусыз дерек. Электр энергиясын өндіретін кез-келген басқа объект қоршаған ортаға белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Көмір станциялары атмосфераға ластаушы заттардың көп мөлшерін шығарады, гидроэлектростанциялар үлкен аумақта су басуы мүмкін, тіпті жаңартылатын энергия көздері шу әсерін тудырады және флора мен фаунаға кері әсерін тигізеді. Электр энергиясын алудың барлық тәсілдерінің ішінен экологиялық таза және қауіпсізін таңдау қажет", - деді спикер.
Сонымен қатар, вице-министр Қазақстанда кез келген электр станцияларын салуға қойылатын талаптар экологиялық заңнамаға сәйкес күшейтілгенін еске салды.
"Егер референдумда АЭС салу туралы шешім қабылданса, онда барлық кейінгі әрекеттер міндетті түрде жалпы халықтың қатысуымен экологиялық сараптама объективінен өтеді", - деп толықтырды Жомарт Әлиев.