Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Аида Балаева: Еліміз әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды құру жолында тұр

Аида Балаева: Еліміз әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды құру жолында тұр
Халықтық Конституцияны қабылдау әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құруды көздейді. Бүгін қазақстандықтар дұрыс таңдау жасайды деп үміттенемін. Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 референдум учаскесінде дауыс берген Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осындай пікірі білдірді. 

«Біз таңертеңнен бастап ақпараттық кеңістікті бақылап отырмыз. Қуантатыны – халықтың референдумға қатысу белсенділігі жоғары. Мен Қазақстанда ашық қоғам қалыптасқанын, саяси мәдениеті жоғары әрі азаматтық жауапкершілігі айқын екенін көріп отырмын. Бейжайлық жоқ, керісінше, сүйікті еліміздің болашағы үшін саналы жауапкершілік бар. Бұл – 2019 жылдан бері Мемлекет басшысы жүргізіп келе жатқан әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың нақты нәтижесі деп ойлаймын»,  деді вице-премьер. 

Айта кетейік, қазақстандықтар Референдумға белсенді қатысуда. Сағат 12.00-ге дейін отандастарымыздың 37,54 пайызы дауыс берді. Референдум учаскелері Астана уақыты бойынша 20:00-ге дейін ашық болады.

Ұқсас материалдар