Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айбек Смадияров II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Ол қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Әкімшілік департаментінің маманы ретінде бастаған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдар атқарып, Консулдық қызмет, Еуропа департаменттерінде қызмет етті.

Әр жылдары Қазақстанның Мажарстан мен Вьетнамдағы елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарған. Сондай-ақ ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде, Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси сараптау және халықаралық ақпарат бағыттарында жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары ҚР СІМ баспасөз қызметін басқарды, ал 2019-2023 жылдары Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы болды. 2023 жылдан бастап СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – ресми өкілі қызметін атқарды.

2025 жылғы 4 наурызда Айбек Смадияров ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі болып тағайындалған еді.

Ұқсас материалдар