Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АҚШ Қытайға Ресей мұнайы үшін баж салығын енгізуі мүмкін

АҚШ Қытайға Ресей мұнайы үшін баж салығын енгізуі мүмкін

Fox News-тің хабарлауынша, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Ресейден мұнай сатып алғаны үшін Қытайға қосымша баж салығын енгізу ықтималдығын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім әзірге қабылданған жоқ, бірақ президент Дональд Трамп оны қарастырып жатыр. Вэнс Трамптың Украинадағы соғысты АҚШ қаржысымен жалғастырғысы келмейтінін, алайда Еуропа қару сатып алса, оған қарсы еместігін атап өтті.

Айта кетсек, тамыздың басында АҚШ Сенатының комитеті Украинаға 1 млрд доллар көлемінде көмек бөлуді мақұлдаған.

Еуропаның ұстанымы

Financial Times дерегінше, ЕО елдері Путин мен Трамптың 15 тамызда Аляскада өтетін кездесуіне дейін Мәскеуге қысымды күшейтуге ниетті. Брюссель бұғатталған ресейлік 195 млрд еуроны Украинаға беру мүмкіндігін де қарастыруда.

Ұқсас материалдар