Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақтау маңында құлаған ұшақтың «қара жәшігі» Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді

Ақтау маңында құлаған ұшақтың «қара жәшігі» Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлайды. Бұған дейін Бразилияға зерттеуге жіберілген қара жәшік жіберілген еді. 

Қазақстанға келген борттағы өздігінен жазғыштың шифрланған деректерін мамандар зерттеп жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, Көлік министрлігінен әуе апатын тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылған практикасына сәйкес барлық факті мен материалды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есеп жариялайтынын жеткізді. Онда тергеу барысы туралы анықталған нақты ақпарат ұсынылады.

Еске сала кетейік, Қазақстан борттағы өздігінен жазғыш құралдарды Бразилияға жіберген еді.

Ұқсас материалдар