Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақтауда болат құбыр өндіретін​ жаңа зауыттың іргетасы қаланды

Ақтауда болат құбыр өндіретін​ жаңа зауыттың іргетасы қаланды

Бүгін Ақтауда елімізде тұңғыш рет салынатын үлкен диаметрлі болат құбыр өндіретін зауыттың қазығы қағылды.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысып, жобаға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Каспий құбыр зауыты – диаметрі 1420 мм-ге дейінгі болат тік жікті құбырларды толық өндірістік циклмен шығаратын кәсіпорын болмақ. Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 150 мың тоннаны құрайды.

Аталған зауыт іске қосылғаннан кейін еліміздегі мұнай-газ, энергетика, құрылыс және коммуналдық секторларға қажетті құбырлар отандық өнім есебінен қамтамасыз етіледі.

Ұқсас материалдар