Ақтаулық полиция Halyk Bank инкассаторының ақша ұрлау және өзін-өзі өлтіру фактісін тергеп жатыр, деп хабарлады Lada.kz.
WhatsApp мессенджерінде инкассатордың қомақты соманы ұрлап, содан кейін өзін-өзі өлтіргені туралы ақпарат тарағаннан кейін оқиға орнына Lada.kz тілшісі барған.
WhatsApp хабарламада 14-ші шағын аудандағы «Halyk Bank» ғимаратында 1981 жылғы инкассатор 10 миллион теңгені ұрлап кеткені айтылған. Кейін ол ғимараттың жертөлесінде бекініп, қызметтік қаруымен басына оқ атқан. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы, дәрігерлер және жертөле бөлмесіне кіреберісті қоршаған СОБР қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Lada.kz тілшісі сағат 23:00-де оқиға орнында болып, жертөле бөлмесінде шынымен де полиция қызметкерлері бар екеніне көз жеткізген. Алайда тілшіні ішке кіргізбеген. Мессенджерде таратылған хабарламаға қатысты құқық қорғаушылар түсініктеме беруден бас тартты, деп жазады басылым. Артынша қалалық ПБ оқиғаны растады.
«Қазіргі уақытта «Ұрлық және өзін-өзі өлтіруге итермелеу» дерегі бойынша Ақтау қалалық ІІБ қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады қалалық ПБ.