Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Al Hilal Bank ребрендинг жүргізіп, қызметі корпоративтік сегментке бағытталады

Al Hilal Bank ребрендинг жүргізіп, қызметі корпоративтік сегментке бағытталады

Қазақстандағы алғашқы ислам банкі Al Hilal ребрендинг жүргізеді. Бұл туралы құрылтайшысы Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB) баспасөз қызметі хабарлады.

ADCB Қазақстанда «шариғатқа сәйкес келетін» банк қызметтерін ұсынатын хаб құрмақшы.

«ADCB тобының Қазақстандағы еншілес компаниясы, қазіргі Al Hilal Ислам Банкі ретінде танымал атын өзгертіп, ADCB ислам банкингі бөлімшесінің шеңберінде корпоративтік қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ADCB қазіргі уақытта АҚ «Ислам Банкі Al Hilal» АҚ жүргізіп отырған бөлшек банкі қызметін біртіндеп тоқтатпақшы. Бірақ жеке клиенттеріне қаражатты басқару бойынша корпоративтік банктік қызметтер аясында бірқатар шешімдер ұсынбақ.

1 шілдеден бастап Al Hilal өзінің барлық төлем карталарын бұғаттады, бұл туралы банктің веб-сайтында хабарланған.

Айта кетейік, «Ислам Банкі Al Hilal» АҚ - Қазақстан мен ТМД-дағы алғашқы ислам банкі, 2010 жылы Қазақстан мен БАӘ үкіметтері арасындағы келісім негізінде құрылған.

Ұлттық банк мәліметтеріне сүйенсек, 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша «Ислам Банкі Al Hilal» АҚ Қазақстандағы 21 банктің арасында активтер көлемі бойынша 20-шы орынға ие.

 

Ұқсас материалдар