Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алаяқтар баланы қалай алдауы мүмкін: Оның негізгі схемалары қандай?

Алаяқтар баланы қалай алдауы мүмкін: Оның негізгі схемалары қандай?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жазғы демалыс кезінде балалардың алаяқтардың құрбаны болу ықтималдылығы арта түседі деп ескертеді.

Қаскүнемдер алдау мақсатында балалардың бос уақытын және цифрлық ортадағы белсенділігін оларға жалған мобильді ойындар, тауарлар мен қызметтерді ұсыну, жеңіл табыс көзі немесе сыйлықтар беру арқылы пайдаланады.

Осы кезеңде балалар ата-аналарының қаржылық ақпараты мен қаражатына қол жеткізуді көздейтін алаяқтық әрекеттердің нысанына айналуы мүмкін. Білімнің жетіспеушілігі мен сенгіштік оларды цифрлық алаяқтық түрлеріне осал етеді.

Карта деректемелерін енгізуді сұрайтын жалған ұтыстар, «достардан» немесе «туыстардан» жалған көмек сұраулар, зиянды қосымшалар және күдікті сілтемелер сияқты схемалар әсіресе қауіпті болып келеді. Көптеген жағдайларда бала алаяқтармен байланыста екенін түсінбейді.

Балаларға қосымшаны немесе ойынды жеңілдікпен немесе жарнамасыз жүктеу ұсынылатын жағдайларға ерекше назар аудару керек – мұндай файлдарда зиянды код болуы мүмкін. Егер смартфон ата-анасының банктік шотына байланған болса, алаяқтар құпия  ақпаратқа қол жеткізе алады және ол шоттан қаражатты шығарып  алуы мүмкін.

«Ақылды» қосымшалар арқылы геодеректерді жинау схемалары да кең таралған. Осылайша, қаскүнемдер отбасының қайда тұратынын, ата-анасының қайда жұмыс істейтінін, баланың қайда оқитынын және не қызықтыратынын біледі. Бұл қаржылық шығындарға ғана емес, бүкіл отбасының қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Агенттік ата-аналарға балалармен интернеттегі тәуекелдер туралы үнемі түсіндірме әңгімелер жүргізуге, баланың желіде болу уақытын шектеуге, антивирустық бағдарламалар орнатуға, ата-ана тарапынан жүргізілетін бақылау қосымшасын пайдалануға, сондай-ақ балаларға цифрлық және қаржылық сауаттылық негіздерін үйретуге кеңес береді. Баланың кез келген жағдайда ата-анасынан көмек сұрай алатындығын түсіндіру маңызды.  

Ұқсас материалдар