Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алаяқтар зейнеткерлерді алдап, 5 млн теңгесін иемденген

Алаяқтар зейнеткерлерді алдап, 5 млн теңгесін иемденген

Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерлерді алдап, ірі көлемдегі ақшаларын алып кеткен.

«Полицияға зейнеткер әйел шағымданады. Ол кісіге белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін полицей ретінде таныстырып, «қызыңыз жол апатына түсті» деп, мәселені шешу үшін 2 миллион теңге қажет екенін айтқан. Әйел адам бұған сеніп қалған, өйткені қаскүнем оған өзін қызы ретінде таныстырған, қорқып, дірілдеген дауыспен көмек сұраған қызды телефонға қосқан. Ақтөбе тұрғыны үйіне келген бейтаныс адамға ақшаны беріп жіберген», – деп хабарлады полиция департаменті.

Сол күні осындай жағдаймен 87 жастағы тағы бір зейнеткер әйел полицияға жүгінген. Ол да немересін құтқарамын деп ойлап, алаяқтарға 2 миллион теңге берген.

Полиция курьер рөлін ойнаған Қостанай облысының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Оның айтуынша, ол тапсырмаларды мессенджер арқылы алып отырған және әр орындалған тапсырма үшін 50-100 мың теңге көлемінде сыйақы алған.

Күдіктінің алаяқтық іс бойынша 5 оқиғаға қатысы бары анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрады.

Ұқсас материалдар