Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алаяқтардан қорғану: ІІМ WhatsApp пайдаланушыларына арнайы нұсқаулық жариялады

Алаяқтардан қорғану: ІІМ WhatsApp пайдаланушыларына арнайы нұсқаулық жариялады

  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі WhatsApp мессенджерін пайдаланушыларға киберқауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар өз схемаларын үнемі түрлендіріп отырады, сондықтан жеке аккаунттарды алдын ала қорғау маңызды.

ІІМ азаматтарға мына негізгі қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді:

  • Екі факторлы аутентификацияны қосу және қосымша PIN-код орнату. Бұл аккаунтқа кіруге бөгде адамдардың жоламауын қамтамасыз етеді.
  • Күдікті хабарламалар мен сілтемелерге сақ болу. Белгісіз файлдарды ашпау, растау кодтарын ешкімге бермеу керек.
  • SIM-картаға PIN-код орнату. Бұл телефон нөмірін заңсыз көшіруден қорғайды.
  • Жеке ақпаратқа қолжетімділікті шектеу. WhatsApp баптауларында сурет, статус және соңғы онлайн уақыты сияқты деректерді кім көре алатынын бақылау.
  • Белсенді сеанстарды тексеріп отыру. Аккаунтқа бейтаныс құрылғылардың қосылған-қосылмағанын бақылау қажет.

ІІМ алаяқтар көбіне таныстардың атын пайдаланып, ақша сұрайтынын атап өтті. Мұндай жағдайда міндетті түрде сол адамға тікелей хабарласып, ақпаратты растау қажет. Бұл әдіс – қаржыңызды қорғаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.

Ұқсас материалдар