Алматы – Қазақстанның электрондық сауда хабы: Нарық 3,5 трлн теңгеге жетеді

Соңғы жылдары Қазақстанда электрондық сауда секторы қарқынды дамып келеді. Бұл өзгерістің негізгі орталығы – Алматы.
Қала бүгінде елдегі интернет сауданың 90 пайыздан астамын қамтып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш Алматыны тек ұлттық деңгейде ғана емес, Орталық Азияда да электрондық сауданың басты хабына айналдырады.
Алматыда қазіргі таңда 1500-ден астам белсенді онлайн-бизнес өкілі жұмыс істейді. Олар азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды жеткізуден бастап, көлік және сервис қызметтерін ұсынуға дейінгі бағыттарды қамтиды.
Экономист Қанат Жұмабаевтың пікірінше, «Алматы – Қазақстандағы ең ірі тұтынушылық нарық. Халықтың төлем қабілеті жоғары, логистикалық жүйе дамыған. Осы факторлар онлайн сауданың негізгі драйверіне айналып отыр», – дейді сарапшы.
Инфрақұрылым – нарықтың тірегіЭлектрондық сауданың тиімділігі мен жылдамдығы ең алдымен логистикаға байланысты. Қала билігі соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды шаралар қабылдады:
-
Бірнеше жаңа тарату орталығы пайдалануға берілді;
-
Қойма инфрақұрылымы кеңейтілуде;
-
59 базардың 41-і жаңғыртылып, интернет желісі мен қолма-қол ақшасыз төлем жүйелері енгізілді.
Осы қадамдар жергілікті шағын және орта бизнеске жаңа мүмкіндіктер беріп, тұтынушылардың онлайн сатып алуға деген сенімін арттыруда.
Болашақтағы перспективаларАлматы әкімдігі 2025 жылдың соңына қарай қаладағы электрондық бөлшек сауданың көлемін 3,5 трлн теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. Әкім Дархан Сатыбалды инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетіп, онлайн платформалармен серіктестікті күшейтуді тапсырды.
Сарапшылардың болжауынша, егер қала қазіргі қарқынды сақтаса, алдағы бес жылда Алматы Қазақстанның ғана емес, бүкіл аймақтың негізгі электрондық сауда орталығына айналады.