Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ержан Бабақұмаровты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамап, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Белгілі болғандай, 29 қаңтарда Астанада полиция оның Toyota Land Cruiser Prado көлігін тоқтатып, Бабақұмаровтың жеңіл дәрежедегі мас күйінде рульде болғанын анықтады.
Ержан Бабақұмаров – «Орталық коммуникациялар қызметінің» бұрынғы директоры, экс-президент кеңесшісі және Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары.