Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Қала көшелерінде қаркүреу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Оған жүздеген техника мен 1 800 жұмысшы тартылды.
«Жолдар көктайғаққа қарсы құралдармен өңделді, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамалары қардан тазартылды. Екі тәулікте қала бойынша 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды», – деді «Алматы Тазалық» МКК бас инженері Әсет Төлегенов.
Оның айтуынша, қар шығару жұмыстары түнде басталады, бірақ қала тұрғындары оянғаннан кейін бұл шаруа қиындай түседі.
Ол қар шығару кезінде жүргізушілерден жол жиегіне көлік қоймауды өтінген кезде түсіністік танытуды сұрады. Себебі бұл жұмысқа кедергі келтіріп, көшені қардан тазарту уақытын ұзартады.
Осыған дейін Алматыда алғашқы қар еріту пункті іске қосылғаны туралы жазған едік. Еске салайық, 7-8 қаңтарда Алматыға қалың қар түсті.