Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы облысындағы туристік нысандарға баратын жолдар жөнделеді

Алматы облысындағы туристік нысандарға баратын жолдар жөнделеді
Алматы облысындағы маңызды туристік нысандарға баратын жолдар жөнделеді.  Бұл туралы Сенаттың бір топ депутатының сауалхатына Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың жауабында айтылған

Премьер-министрдің жауабында айтылғандай бұған дейін 12 шм болатын Қайыңды көлінің жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 13,0 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 1,3 млрд теңгені құрайды. 2021 жылы облыстық бюджеттен 190,0 млн теңге бөлініп, 10 км жолдың негізі салынды. 2022-2023 жылдар жобалық-сметалық құжаттама қайта есептелуіне және мемлекеттік сараптамадан өткізілуіне сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жобалық-сметалық құжаттаманың мерзімінің 3 жылдан асуына сәйкес қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттамаға түзету жүргізілуде.

Ал  ұзындығы 18,5 км «Шарын каньоны» кіреберіс жолын орташа жөндеу бойынша ведомстволық сараптамадан өткен жобалық сметалық құжаттама әзірленген. Оған сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 3,8 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда Алматы облысының әкімдігі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу мәселесін Көлік министрлімен пысықтауда.

Жалпы Алматы облысы бойынша республикалық маңызы бар автожолдарды, соның ішінде туристік нысандарға баратын жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан даму банкінің қаражаты есебінен (35 млрд теңге) ұзындығы 293 шақырым учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда «Кеген-Нарынқол» 0-89 шм; «Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» 172-272 шм; «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» 14-43 шм; «Алматы-Шамалған-Ұзынағаш» 0-6, 20-23 шм; «Көкпек-Кеген-ҚР шекарасы» 26-41, 68-88 шм; «Жалаңаш-Саты-Құрметі» 3-24 шм; «Ақсай-Шонжы-Қалжат-ҚХР шекарасы» 0-7, 46-48 шм. Жөндеу жұмыстары 2024 – 2025 жылдары жүзеге асады. 

«Жалпы Алматы облысы бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 220 қызмет көрсету нысаны бар, оның 83%-ы ұлттық стандартқа сай келеді. Өз кезегінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыс әкімдігімен бірге автожолдарда, соның ішінде туристік нысандарға баратын жолдардың бойында жаңа нысандар салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде», - делінген Үкімет басшысының жауабында. 

Ұқсас материалдар