Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы облысының Алғабас ауылы маңында жаңбыр суы тасыды

Алматы облысының Алғабас ауылы маңында жаңбыр суы тасыды
Алматы облысының Жаңаталап ауылында жаңбыр салдарынан көлбеу ағын орын алды, деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД.

«Жауын-шашынның көп түсуі салдарынан көлбеу ағыны пайда болып, жергілікті маңызы бар «Алматы-Алғабас» автомобиль жолының жиегі жартылай шайылды. Автожолда жол қозғалысы тоқтатылған жоқ. Жылдамдық режимін реттеу мақсатында ТЖ орын алған жерге жергілікті полиция қызметі барды. 11 үй ауласынан ағын су жүріп өтті. Су деңгейі төмендеді, су басу қаупі жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Жағдай бақылауда. Көшелер мен аула аумақтарынан суды сору және бұру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 52 қызметкер және 23 бірлік техника, оның ішінде 15 мотопомпалар жіберілді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жаңалатап ауылы Кеген ауданы Алғабас ауылдық округінің құрамына кіреді. Ауыл Шелек өзенінің бойында орналасқан. 



Видео Facebook.com/mshadan87 парақшасынан

Ұқсас материалдар