Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы әуежайына кіріп-шығу ішінара шектеледі

Алматы әуежайына кіріп-шығу ішінара шектеледі

Өртке қарсы су құбырын ауыстыруға байланысты Алматы халықаралық әуежайы 2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап  әуежай аумағына кіру және шығу уақытша шектеледі.

Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. 

Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілмек:

  • I кезең: 10-13 қыркүйек аралығында бір кіреберіс пен бір шығаберіс жолы жабылады, ал екінші кіреберіс жолы ашық болады.

  • II кезең: 14-18 қыркүйек аралығында бір кіреберіс жолы жабылады, басқа кіреберіс пен шығаберіс жолдары істейтін болады.

Алматы әуежайының әкімшілігі жолаушыларға әуежайға баратын бағытты жоспарлауда осы өзгерістерді ескеруге шақырады.

Ұқсас материалдар