Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді сайты арқылы беруге болады. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Бағдарлама аясында несие беру шарттары:
- Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 миллион теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз;
- Бастапқы жарна – 10 пайыз;
- Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
- Қамту – ең кемі 1200 адам.
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- Өтінім беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы;
- Өтінім беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
- Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактісінің болмауы.
- Қатысушының Алматы қаласында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер және "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасы бойынша жалдаушылары (2019 жылы желтоқсан).