Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда қар еріту пункті іске қосылды

Алматыда қар еріту пункті іске қосылды

Жаңа пункт бұрын «Алматы Тазалық» КМК көктайғаққа қарсы реагенттері сақталған базада салынған.

Оны құру қажеттілігі қаланың инфрақұрылымына жүктеменің артуымен және соңғы жылдары қардың көп түсуіне байланысты.

Қар еріту пунктінің жұмыс процесі қолданыстағы кәріз желісі арқылы келетін ағынды сулардың жылуын пайдалануға негізделген. Қысыммен жылы су сорғы қондырғылары мен құбырлар жүйесінен өтіп, қарды ерітеді. Осыдан кейін пайда болған еріген су сүзгіге түседі, құм мен қоқыстардан тазартылады, содан кейін қалалық кәріз желісіне жіберіледі. Пункттің қуаты – тәулігіне 1200 текше метрге дейін қарды ерітеді.

Қар еріту пунктіне Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандарының аумақтарынан қар жеткізіледі. Бұл аудандарда қар үйіндісі мәселесі өте өткір, ал трафик орталық көшелерден қарды тиімді шығаруға мүмкіндік бермейді.

 

Ұқсас материалдар