Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда бірқатар басқарма қайта ұйымдастырылып, атаулары өзгертілді

  Алматыда бірқатар басқарма қайта ұйымдастырылып, атаулары өзгертілді

Алматы қаласының мәслихатының кезектен тыс XXXII сессиясында қалалық басқару құрылымына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Сессияда сөз сөйлеген қала әкімінің аппаратының басшысы Ерлан Исабеков қазіргі таңда Алматыда 8 аудандық әкімдік пен 24 басқарма жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол Үкімет бекіткен бірыңғай құрылымға сай болу үшін және басқарма атауларын жеңіл әрі түсінікті ету мақсатында 4 басқарманың атауын өзгерту жөнінде ұсыныс жасады:

  • Қоғамдық даму басқармасы – Ішкі саясат басқармасы болып өзгереді;
  • Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы – Сәулет және қала құрылысы басқармасы болып аталады;
  • Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасы –Мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы болып қайта құрылмақ;
  • Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы – Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы болып өзгереді.

Бұдан бөлек, Қаржы және экономика басқармалары біріктіріліп, жаңа Экономика және қаржы басқармасы құрылатын болды.

Қалалық мобильділік басқармасы екі жеке құрылымға бөлінеді:

  • Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы;
  • Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Бұл өзгерістерге мәслихат депутаттары қолдау білдірді.

Айта кетейік, өткен жылы Алматыда екі жаңа басқарма – Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы мен Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы құрылған болатын.

Ұқсас материалдар