Алматыда экономикалық дамудың жоғары қарқыны 9,7% деңгейінде сақталып отыр - Досаев
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 6,6% - ға дейін қарқын алды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық Коммуникациялар Қызметіндегі брифингте айтты.
Ерболат Досаевтың айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде болжануда, 2025 жылы өсім 6,4% - ға дейін қарқын алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Алматыда жалпы өңірлік өнімнің 24,8 трлн теңгеге дейін өсуі байқалды, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш болды. Өңдеу өнеркәсібі, сауда, қаржы және сақтандыру қызметі (+12%), ақпарат және байланыс және т.б. даму драйверлері болды. Осылайша, Алматы өзінің тұрақтылығы мен жоғары әлеуеті бар Орталық Азияның жетекші экономикалық орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтуды жалғастыруда.
Алматы әкімі - Алматының 2025 жылға арналған бюджеті 2022 жылға қарағанда 2,2 есе көп
Жергілікті бюджет кірістерінің өсуі ағымдағы жылдың 11 айында 1,7 трлн теңгеден астам ( өсім 21,2% ) құрады.
«Желтоқсан айының басында мәслихатқа Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті енгізілді. Еліміздің тарихында алғаш рет 2025 жылға арналған қалалық бюджет 2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2 есе жоғары», - деп атап өтті Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, 2023 жылдың басынан бері Алматы қаласының әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін жобалық құжаттарды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, 2025 жылы даму бюджеті 2022 жылға қарай 2,2 есеге өсіп, 458 млрд теңгеге жетті.
«Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың қараша айында азаматтардың әл-ауқатын үдемелі арттырудың басым міндетін назарда ұстау қажеттігін атап өтті. Қала бюджеті өзінің әлеуметтік бағдарлануын сақтайды, оған 2025 жылы 40% – дан астам немесе 894,3 млрд теңге, 2022 жылға қарай 1,8 есе, үлесі - 40,2%», - деп толықтырды Алматы әкімі.
Еске салсақ, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітілген қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысы өтті.
Өкілеттіктерді орталықсыздандыру: Алматының 8 ауданының бюджеті 2022 жылға қарай 6 есеге өсіп, 293,6 млрд теңгені құрады
«2023 жылдың сәуір айында өткізілген өкілеттіктерді орталықсыздандыру аудан әкімдерінің жауапкершілігін күшейтіп,ң өзекті мәселелері мен проблемаларды жедел шешудегі жұмыс тиімділігін арттырды», - деп атап өтті қала басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру 2023 жылы жүзеге асырылды. Мәселен, өткен жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші кезеңде қалалық деңгейден аудандық деңгейге 15 функция берілді: жолдарды ағымдағы жөндеу, инженерлік желілерді салу және жаңғырту, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, қосымша және мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру және басқалар. Бұл қадам аудан әкімдіктері жұмысының тиімділігін едәуір жақсартты және өкілеттіктерді беру,жауапкершілікті күшейту арқасында қала тұрғындарының маңызды мәселелері жедел шешілетін болды.