Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда коммуналдық техника құрастыратын цех іске қосылды

Алматыда коммуналдық техника құрастыратын цех іске қосылды
Алматы кәсіпорындарына асфальтта құдық люктерінің саңылауын дәлдікпен кесуге арналған арнайы фрезерлік техника беріледі



Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданында жеке инвестиция есебінен ашылған жаңа сауда-кеңсе ғимараты мен арнайы техниканы құрастыру цехының жұмысымен танысты. 



1,8 га жер учаскесінде «Евразия СТ» компаниясы ғимаратты реконструкциялап, оған іргелес аумақты көріктендіру жұмыстарын жүргізді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 3 млрд теңге, бұл 50 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.