Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт ашылды.

Зауытты Juldyz Kenan Co., Ltd компаниясы іске қосты. Бұл кәсіпорын катетерлер, зондтар, патологиялық материалдарға арналған контейнерлер және басқа да медициналық бұйымдарды шығарады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобаның инвестиция көлемі 2,1 млрд теңгені құрады. 100-ге жуық жұмыс орны ашылып, жылына 10 миллион дана өнім өндіру жоспарланып отыр. Зауыт ISO 13485 халықаралық сапа стандарты бойынша сертификатталған.

Компания 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді және қазір 169 түрлі медициналық өнім шығарады. Өнімдер Қазақстандағы 2 670-тен астам медициналық мекемеге жеткізіледі, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Иран және Ауғанстанға экспортталады.

Ұқсас материалдар