Жексенбі күні Алматыда «Көмектесейік» қайырымдылық акциясы өтті. Шараны Purina үй жануарларына арналған азық-түлік бренді алматылық «Дос», «Котопес», «Happy Pet», «Asap», «Амиго» және «New Chance» қайырымдылық қорларымен бірлесіп ұйымдастырды.
Қайырымдылық мерекесінің келушілері қордың қамқорлығындағы үй жануарларымен жақынырақ танысып және психологтар мен ветеринарлық клиникалардың мамандарынан үй жануарларына күтім жасау ерекшеліктері туралы білуге мүмкіндік берді.
Сонымен бірге, қонақтар жануарлармен жақынырақ танысып қана қоймай, олардың біреуін өз отбасына қабылдай алды. Шара барысында 11 ит пен мысық өз иелерін тапты. Төрт аяқты досының иесі болуды шешкен әрбір қонақ, ұйымдастырушылардан үй жануарларының күтіміне арналған қажетті азық-түлік пен керек-жарақтары бар сыйлық жиынтығын алды.
«Панасыз жануарларға үй табуға көмектесу компания қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерге негізделген Purina брендінің маңызды қызметінің бірі болып табылады. Біз жинақталған тәжірибемізді пайдалануға тырысамыз және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық пен серіктестік арқылы мүмкіндігінше көп үй жануарларына баспана және сүйіспеншілікке толы отбасылар табуға көмектесеміз. Алматыда осымен бесінші рет өтіп жатқан «Көмектесейік» жәрмеңкесінің игі дәстүрге айналып келе жатқанына өте қуаныштымыз. Биылғы жылы іс-шараға 500-ден астам адам қатысты, бұл осындай бастамалардың біздің еліміздегі жануарларға бей-жай қарамайтын, қамқор және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға қалай көмектесетінінің тамаша мысалы», - деп атап өтті Еуразия аймағындағы Purina сауда маркасының аға менеджері Абзал Мұхтарұлы.
Бағдарламаның ойын-сауық бөлігінен басқа, оның барысында қонақтар шопперлерді бояу және түрлі-түсті жіптерден суреттер жасау бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, танымал әртістердің қойылымдарын тыңдап, фотоаймақтарда естелік суреттерге түсе алды, сондай-ақ, іс-шарада серіктестердің танымдық дәрістері де болып өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қайырымдылық қорларының өкілдерінен үй жануарларын отбасына бейімдеу процесін қалай жеңілдетуге және жайлы етуге болатыны туралы, жануарларға күтім жасаудағы лайфхактар туралы пайдалы ақпарат алды және «К-9» кинологиялық орталығының иттердің қатысуымен ұйымдастырылған қойылымды тамашалады.