Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда шыны ыдыс шығаратын жаңа зауыт іске қосылады

Алматыда шыны ыдыс шығаратын жаңа зауыт іске қосылады

Алматы қаласының индустриялық аймағында жылына 21,6 мың тоннадан астам шыны ыдыс шығара алатын жаңа өндіріс орны ашылады.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Аумағы 6,4 мың шаршы метр болатын заманауи кәсіпорынның техникалық іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Жоба аясында 58 жаңа жұмыс орны құрылады.

Кәсіпорын «Almaty Business – 2025» бағдарламасы шеңберінде «Almaty Finance» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асуда. Жалпы инвестиция көлемі – 500 млн теңге. Оның ішінде:

  • 300 млн теңге – жабдықтарды сатып алу және орнатуға;

  • 200 млн теңге – айналым қаражатын толықтыруға бағытталған.

 Экология мен импортты алмастыруға үлес

Зауыт шыны қалдықтарын қайта өңдеуге негізделген, бұл қалдық көлемін азайтып, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге сеп болады. Жоба айналым экономикасы принциптеріне сай жүзеге асырылуда.

Жаңа кәсіпорын Қазақстанның ішкі нарығын толықтай шыны ыдыспен қамтамасыз етіп, қазіргі таңда Ресей мен Өзбекстаннан жеткізілетін өнімге тәуелділікті төмендетуді көздейді.

Айта кетейік, қазіргі таңда ел аумағында жұмыс істеп тұрған тек үш шыны зауыты жалпы сұраныстың тек жартысын ғана өтей алады. Жаңа зауыт осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған маңызды жоба болмақ.

Ұқсас материалдар